Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Абу Дабидің Тақ мұрагерін қарсы алды

The final spritzer

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді

"Ақорда" резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Абу Дабидің Тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянды салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев пен шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды.

Құрмет қарауылының бастығы рапорт берген соң Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктерінің мемлекеттік әнұрандары шырқалды.