Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев кардиохирург Сейтхан Жошыбаевты "Отан" орденімен марапаттады

Республика күні қарсаңында Президент Жарлығымен бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар тапсырылды

Олардың қатарында жерлесіміз, Тараз қаласындағы Кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығының директоры Сейтхан Жошыбаев та бар, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

«Отан» орденімен Кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығының директоры Сейтхан Жошыбаев пен көрнекті ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нұрлан Оразалин марапатталды.

Сондай-ақ, бұл ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы отандық ғылымды дамытудағы айрықша жетістіктері, сондай-ақ қоғамдық қызметтегі аса үздік еңбегі үшін Президент жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті Асқар Жұмаділдаевқа, елдің әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы аса үздік жетістіктері үшін Алматы қаласы №4 арнайы мектеп-интернатының мұғалімі Г.Нұрпейісоваға, Орал қаласы А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясының мұғалімі Э.Траисоваға және өндірістік қызметтегі ерекше еңбегі үшін Қарағанды облысы «Шахтерское» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Г.Прокопқа берілді.