Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаевты Наурыз мерекесіне орай бірнеше мемлекеттің басшылары құттықтады

Президенттің атына Наурыз мейрамына орай шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтаулар келуде, деп хабарлайды Jambylinfo.kz  Ақорда сайтына сілтеме жасап

Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Қасым-Жомарт Тоқаев пен қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады.

АҚШ Президенті Джозеф Байден өз құттықтауында елдеріміздің климаттық дағдарыс, энергетикалық қауіпсіздік және экология мәселелерін шешу ісіндегі соңғы жылдары қол жеткізген табыстарын мақтан тұтатынын атап өткен.

Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған өз құттықтауында Наурыздың жақсылық пен молшылықтың мейрамы екеніне назар аударған.

 Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиëев өз құттықтауында бауырлас халықтар бұл мейрамды мыңдаған жылдан бері салтанатты түрде әрі кең көлемде тойлап келе жатқанын айтты.

Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров өзінің құттықтау жеделхатында көнеден келе жатқан Наурыз мейрамы қырғыз бен қазақ халықтарының тарихы мен құндылықтарының ортақ екенін білдіретінін атап өткен.

Мемлекет басшысының атына Наурыз мейрамына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсіп жатыр