Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаевты Тәжікстанда қалай қарсы алды

Қасым-Жомарт Тоқаевты Тәжікстанда қалай қарсы алды

ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында Мемлекет басшысының Тәжікстанға ресми сапарына қатысты видео жариялады. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның шақыруы бойынша екі күндік ресми сапармен Душанбеге келді»,-деп жазды баспасөз хатшысы. Видеода Тәжікстан Президентінің Қасым-жомарт Тоқаевты қарсы алу сәті жарияланған. Осыған дейін ҚР Презиенті Қасым-жомарт Тоқаевтың ресми сапармен Душанбеге барғанын жаздық.