«АТА ЗАҢ ЖӘНЕ ӘЙЕЛ ҚҰҚЫҒЫ»
«АТА ЗАҢ ЖӘНЕ ӘЙЕЛ ҚҰҚЫҒЫ»
Мемлекеттік мереке – ҚР Конституциясы күні қарсаңында «Анаға тағзым» орталығында «Ата Заң және әйел құқығы» тақырыбында дөңгелек үстел жиыны өтті. Шара барысында орталықтың заңгері Дина Керімбек Қазақстан Республикасының Ата Заң баптарындағы руханият, адам құқықтары мен бостандықтарының кепілі, қазақстандық патриотизмді нығайту мәселелері бойынша ой-пікірлерді ортаға салды. Гендерлік саясат, әйелдердің қоғамдағы рөлі, олардың белсенділігін күшейту бағытындағы мемлекеттік деңгейдегі атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтылды. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап қайтарылып, қызу пікір алмасу болды. Іс-шара соңында орталықтың психологтары Жанар Дүкенбайқызы мен Марал Хантөреқызы психологиялық тренинг өткізді. “Гүлмен көмкеру” медитациясы мен танысу-сергіту ойыны жүргізілді. Қоғамда жиі кездесетін балалар арасындағы әлімжеттілік, бопсалаудың алдын алу туралы ауқымды ақпарат берілді. Қатысушылар жақсы көңіл- күймен тарқасты.