"Қатты өкінемін": Нұртас Адамбаев кешірім сұрады
Өйткені, әзілкеш бірқатар белгілі тұлғаларға тіл тигізген
Белгілі әзілкеш Нұртас Адамбаев желідегі парақшасында президенттерден бастап, депутат, министр, спортшылар, журналистер мен әншілерден кешірім сұраған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Нұртас Адамбаев кешірім сұраған адамдардың қатарында Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Ринат Зайтов, Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин, Белорус президенті Александр Лукашенко, әнші Димаш Құдайберген, кәсіпқой боксшы Генадий Головкин және еліміздің бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істейтін бірқатар журналистер бар.