Жаңалықтар

Атырауға есірткі сатуға келген қарағандылық келіншек ұсталды

Атырауға есірткі сатуға келген қарағандылық келіншек ұсталды

Облыстық полиция департаментінің бастығы Нұрхат Оразбаевтың айтуынша, Қарағанды қаласынан есірткі тасымалдау мақсатымен келген әйелдің жасы – 32-де. «Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 5 ақпанда ​ «Құқықтық тәртіп» жедел іс-шарасы кезінде 1990 жылғы күдіктіні ұстады. Күдіктінің өзі мен жалдамалы пәтерін тінту кезінде 70 дана синтетикалық есірткі заты, есірткі дайындауға арналған құралдар табылып, тәркіленді. Ал, тергеу барысында күдікті қала аумағында жасырылған 70 грамм есірткі затын көрсетті. Жасырын есірткі тасымалдаумен айналысқан әйел синтетикалық есірткі заттарын сату үшін Қарағанды қаласынан Атырауға арнайы келген», -деп мәлім етті Нұрхат Оразбаев. Қазір ұсталған күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) қылмыстық іс​ тіркелді.