Атырау облысында Ресеймен шекарадағы ауылдар атауы өзгерді

0 20

Атырау облысында Ресеймен шекарадағы округ пен ауылдың атауы өзгерді. Енді ауылдық округке де, ауылға да Бөкей хан аты берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бөкей хан атауы Атырау облысының Құрманғазы ауданында Байда ауылдық округі мен Котяев ауылына беріліп отыр.

Енді облыстық мәслихаттың шешімімен Байда ауылдық окургі Бөкейхан ауылдық округіне, Байда ауылдық округінің Котяевка ауылы Бөкейхан ауылы болып өзгерді.

Ресеймен шекаралас Құрманғазы ауданындағы ауылдық округтің әкімі Жүсіп Төреғалиевтың айтуынша, бұл мәселе тұрғындар жиынында қозғалған.

«Екі елдің шекарасындағы ауылымыз Котяев аталатын еді. Ауыл атауын өзгерту мәселесі тұрғындар арасында көптен бері көтерiлiп келеді. Бірақ, бұл – бүгінге дейін шешімiн таппаған мәселенің бірі. Ауыл мен округтiң атауын өзгерту мәселесі қозғалған жиында ардагерлер, қоғамдық кеңес мүшелері мен тұрғындардан екі ұсыныс түсті», -дейді Жүсіп Төреғалиев.

Оның бiрiншici – Котяев атауын Бөкей хан деп өзгертiп, округтiң атауын бұрынғыша қалдыру. Ал, екінші ұсыныста округке де, ауылға да қазақтың бiртуар тұлғасы Бөкей ханның атын беру айтылған.

Атырау облыстық мәслихатының депутаттары ауыл тұрғындарының бірінші ұсынысына қолдау білдірді. Сөйтіп, округке де, ауылға да Бөкей хан атауын беруге шешім қабылдады.

Сондай-ақ аталған аудандағы Теңіз ауылдық округінің Приморье ауылы Теңіз ауылы болып қайта аталатын болды. Ал, Атырау қаласына таяу орналасқан Ақсай селолық округі таратылып, Қайыршақты селолық округіне қосылатын болды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.