Атырауда көлік апатынан үш адам мерт болды

0 22

Атырау облысында екі көлік соқтығысып, үш адам мерт болды. Жарақат алғандар да бар, деп хабарлайды Жамбыл инфо,ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жол-көлік оқиғасы кеше, 24 шілдеде сағат 23:00 шамасында болған.

Республикалық маңызы бар «Атырау-Орал» тасжолының 19-шақырымы тұсында «Toyota Prada» мен «ВАЗ» автокөліктері соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасының салдарынан «ВАЗ» автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Аталған жол апатынан жарақат алғандар да бар.

Ал, Исатай ауданында жергілікті уақытпен сағат 17:00 шамасында тағы жол-көлік оқиғасы тіркеліп отыр.

Аудан аумағындағы С.Балғымбаев және Қамысты кен орындарының аралығына тартылған жол бойында «Land Rover» маркалы автокөлігі аударылып қалған. Оған көлік жүргізушісінің басқару жүйесін игере алмағаны себеп болған.

Жол жиегіне аударылған көліктің жүргізушісі мен жолаушылары әртүрлі дене жарақатын алған. Зардап шеккендерді жедел жәрдем бригадасы Исатай аудандық орталық ауруханаға жеткізді.

Қазір полиция қызметкерлері аталған жол-көлік оқиғаларының себебін анықтау үшін тергеу амалын бастады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.