Атырауда мұнай өңдеу зауыты жұмысын уақытша тоқтатты

0 52

Зауыттағы апатты жағдай туралы қоғаммен байланыс бөлімі хабарлаған.

«KEGOC» АҚ-ның электр қуатын жоспардан тыс тоқтатып тастауына байланысты Атырау мұнай өңдеу зауытында электр қуаты болмай, бүкіл зауыт жұмысы апатты жағдайда тоқтады. Төтенше жағдайдың алдын-алу үшін сыртқы электрмен жабдықтау жүйесі толық тұрақтанғанша, зауыттың отын желісі технологиялық регламентке сәйкес алау жүйесіне бағытталады. Айта кетелік, «KEGOC»»АҚ электр қуатын жоспардан тыс тоқтатып отыр, бұл өндірістің жұмысына кері әсер етеді. Ақауды жою нәтижесі туралы қосымша хабарланатын болады», — деп хабарлады Атырау мұнай өңдеу зауытының баспасөз қызметі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.