Атырауда Жайық өзенінің беті ойылып, ер адам суға батып кетті

0 26

Атырауда Жайық өзенінің беті ойылып, ер адам суға батып кетті. Бұл туралы облыстық ТЖД-ның баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Оқыс оқиға 2022 жылғы 4 желтоқсанда Атырау қаласының Жұмыскер ауылы тұсында болған. «Сағат 21: 10-да Атырау облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының сүңгуірлерінің күшімен суға батып кеткен 1950 жылы туған ер адамның денесі судан шығарылды. Сонымен қатар, куәгерлердің күшімен оның немересі құтқарылып, балалар облыстық ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлердің тексеруінен кейін үйіне жіберілді»,—деп түсіндірді ведомство. Су асты іздестіру жұмыстарына Атырау облысы ТЖД жедел-құтқару жасағының 3 сүңгуірі мен 1 техникасы жұмылдырылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.