Жаңалықтар

Атыраулық азамат Алматыға жедел жәрдем көлігін сыйға тартты

Атыраулық азамат Алматыға жедел жәрдем көлігін сыйға тартты

«Биылғы жыл жан түршігерлік оқиғадан басталды. Халқымыз үшін осындай бір қиын-қыстау кезеңінде, сондай-ақ, Президентімізді және оның «Күшіміз бірлікте» деген ұранымен басталған үндеуін қолдай отырып, көмек көрсетуді жөн көрдім. Қаңтардағы қайғылы оқиғаның біздің мемлекетімізге қаншалықты шығын әкелгені бәрімізге мәлім. Өртенген ІІМ автокөліктері, әскери машиналар және жедел жәрдем көліктері. Бүгінгі күні бүкіл халық бірлесіп қолынан келгенше өз көмегін көрсетуде. Мен және менің отбасым халқымызға шұғыл көмек көрсету мақсатымен жедел жәрдем көлігін сыйлайық деп шештік»,- Әділ Жұбанов