Аудан мен ауыл әкімдерін тікелей сайлайтын заң қабылданды

0

Бұдан былай аудандық маңызы бар қалалардың, аудан мен ауылдардың және ауылдық округ әкімдерін тікелей халық сайлайтын болады.

Бұл туралы заң бүгін Парламент Сенатының отырысында қабылданды.

Заңға сәйкес, жасы 25-тен асқан кез келген қазақстандық азамат сайлана алады. Үміткерді саяси партиялар, аудан әкімдері ұсынуға құқылы. Ал кандидат өзін өзі ұсыну үшін ауыл тұрғындарының кем дегенде 1 процент қолдауына ие болуы керек. Сондай-ақ сенаторлар саяси партиялардың Мәжіліс пен мәслихаттарға өту шегін 7 проценттен 5 процентке дейін түсіру туралы Президент ұсынысын бір ауыздан қолдады. Сонымен қатар дауыс беру бюлеттеньдерінде «Бәріне қарсымын» деген жауап енгізіледі.

Ләззат Сүлеймен, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

— Бұл түзетулер елімізде жергілікті өзін өзі басқару институтын нығайтудың келесі кезеңін қамтамасыз етеді. Орталық Азия мемлекеттері арасында Қазақстан бірінші болып жергілікті әкімдердің сайланбалы болуын енгізіп отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.