Әуекомпаниялардың жолаушылармен диалог орнату мәдениеті төмен – Премьер-министр

0 35

Әлихан Смайыловтың айтуынша, отандық авиакомпанияларға қатысты жолаушылар тарапынан орынды сын-ескертулер айтылып жатыр.

«25 ақпанда «Fly Arystan» компаниясының жолаушылары «Астана-Шымкент» рейсінің 10 сағатқа кешігуіне байланысты жанжал шығарды. Ақыр аяғында ол рейс мүлдем орындалмай қалды. Рейстердің кешігу себептерін уақытылы түсіндірмейді. Лайықты сервис ұсынылмайды»,-деді Үкімет басшысы.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі қазіргі баға саясаты жолаушылардың мүддесіне емес, авиакомпаниялардың табысын арттыру үшін жұмыс істеп отыр деп санайды. Премьер-министр осыған байланысты баға саясатын қайта қарау мен авиатасымал сервисін жақсартуды тапсырды.

«Астанадан Алматыға дейін лоукостермен 1,5 сағаттық ұшу Еуропа, АҚШ немесе Қытай елдеріндегі осындай маршруттармен салыстырғанда 2 есе қымбат болуы мүмкін. Жанармай шығындарын өтеуге жұмсалатын отын алымы логика бойынша авиаотын бағасының өзгеруіне байланысты болуы тиіс. Алайда ол билет бағасында өзгеріссіз, бір деңгейде қалып отыр»,-деп атап өтті Ә.Смайылов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.