Ауғанстанда әйелдер түскен фильмдерді көрсетуге тыйым салынды

0 3

Ауғанстанда енді жергілікті телевизияға әйелдер түскен шетелдік фильмдер мен телехикаяларды көрсетуге болмайды

Ауған елінің тиісті министрлігі жуырда осындай қаулы шығарды. Одан бөлек аталған құжатқа сәйкес жүргізуші әйелдер эфир барысында орамал тағуға міндетті. Сонымен қатар кез келген шоу мен кино шариғат заңдарына сай келуі тиіс. Өз кезегінде сарапшылар мұндай шектеу жергілікті телеарналарға кесірін тигізетінін айтады. Көбі жабылып қалуы мүмкін. Өйткені негізгі табыс көзі шетелдік телехикаяларды көрсетумен байланысты, дейді олар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.