Аумақты тазалап, тал екті

0 17

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/5 мекемесінің жеке құрамы жаппай сенбілікке шығып, тазалық шарасына қатысты. Бұл күні қызметкерлер мекеме аумағын қоқыстан тазалап, тал егіп, көктемдік дала жұмыстарын бастады.

Дәстүрлі түрде өтетін табиғатты аялау шарасына биылғы жылы да жеке құрам белсене қатысып, мекеменің жасыл белбеуін көріктендірді. Шара барысында мекеме бастығы әділет подполковнигі Бақытжан Шарипбеков қоршаған ортаны таза ұстау баршаның міндеті екенін атап өтті.

– Өмір сүріп отырған ортаңның табиғаты әсем, суы мөлдір, ауасы таза болғанға не жетеді?! Міне, бүгін барлығымыз жаппай сенбілікке шығып, ағаш отырғызып, лас-қоқыстан қоршаған ортаны тазартудамыз. Қоршаған ортамызды күтіп таза ұстау баршамыздың міндетіміз,- деді Б.Шарипбеков.

Leave A Reply

Your email address will not be published.