Ауыл әкімдері есеп беруде

55

Өңірде барлық деңгейдегі әкімдердің есеп беру кездесулері басталды. Мемлекет басшысының 2016 жылғы Жарлығына сәйкес әкімдер жергілікті тұрғындармен кездесіп, жыл бойы атқарылған жұмыстарды қорытындылап, алда тұрған мақсат-міндеттерді баян етеді. Биылғы ерекшелік санитарлық талаптар ескеріліп, пандемияға байланысты тұрғындардың санына шектеу қойылды.  

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаев Жамбыл және Байзақ аудандарында болып тұрғындармен бірге ауыл әкімдерінің есебіне қатысты.

Жамбыл ауданы Қарой ауылдық округінің әкімі Төрехан Табжанов, Байзақ ауданы Жаңатұрмыс ауылдық округінің әкімі Асқар Пірманов 2020 жылы атқарған жұмыстарына есеп беріп, алдағы мақсат-міндеттерін жеткізді.

Жиында ауыл тұрғындарының көтерген негізгі мәселелері ауыз су, көшені жарықтандыру, жол жөндеу төңірегінде болды.

Облыс әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаев кейбір маңызды мәселелерге байланысты өзінің сын-ескертпелерін жасады.