Ауыл әкімдері күніне кем дегенде бір үйге кіруі керек

0 66

 

Аймақ басшысы Нұржан Нұржігітов қазіргі таңда аудан, ауылдық округ әкімдеріне артылып отырған жауапкершілік жүгі ауқымды екендігін айтты.

Өйткені, олардың қызметі жергілікті халықтың тұрмысына, ахуалына тікелей қатысты.

«Ауыл әкімдері күніне кем дегенде бір үйге кіріп, кәсіпкерлік пен шаруа қожалығын аралап, жағдайымен танысып отыруы тиіс. Сондықтан, ауыл, аудан, қала әкімдерінің жұмысын жетілдіруге  айрықша басымдық берудеміз. Жұмысқа деген жаңаша көзқарас қажет! Біз оны өзімізден бастауымыз керек. Бөлінген бюджет қаражаты есебінен атқарылған  жұмыстармен шектелуге болмайды. Бюджет қаражатын тиімді игеру – біздің қызметтік міндетіміз!», — деді Нұржан Молдиярұлы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесуінде.

Қазіргі таңда аудан, ауылдық округ әкімдеріне артылып отырған жауапкершілік жүгі ауқымды. Өйткені, олардың қызметі жергілікті халықтың тұрмысына, ахуалына тікелей қатысты. Өңір басшысы әкімдердің инвестиция тарту, жаңа жобаларды жүзеге асыру, сол арқылы жаңа жұмыс орындарын ашы, тұрғындарды тұрақты табыспен қамту мәселесін шешуге күш салу қажет екендігін де атап өтті. Бұл олардың жұмысын бағалаудың негізгі өлшемдерінің бірі. Басшылар тек мәселені анықтап, көрсетіп қана қоймай, оны шешу жолдарын да бірге ұсынуы тиістігіне тоқталған Н.Нұржігітов:

— Өкінішке орай, кейбір әріптестеріміздің мемлекеттік қызметті атқару барысында олқылықтарға жол беріп жататыны рас. Оны өзім де көріп, біліп жүрмін, — деді.

 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.