Жаңалықтар

Ауыл әкімдері екі мерзімге ғана сайлана алады

Ауыл әкімдері екі мерзімге ғана сайлана алады

Ауыл, кент, аудандық маңыздағаы қала мен ауылдық округ әкімдері екі мерзімге ғана сайлана алады. Сайлау туралы конституциялық заңға енгізілген түзетулер осындай баппен толыққан. Бұл туралы Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Мәлік Мырзалин Хабар-24 арнасына берген сұхбатына айтты. «Бір адам екі реттен артық ауыл әкімі бола алмайтынын маңызды ереже деуге болады. Сонымен бірге, әкім партияға мүшеліктен айырылса, жергілікті мәслихат сенімсіздік танытқан жағдайда немесе Мемлекеттік қызмет туралы заңмен байланысты өзге де проблемаларға тап болса, өз лауазымын тапсыруға мәжбүр болады», - деді Мәлік Мырзалин. Ол, сондай-ақ, әкім сайлауына жасы 25-тен асқан кез келген Қазақстан азаматы кандидат ретінде қатыса алатынын айтты. Бұл үшін Мемлекеттік қызмет туралы заңның талаптарына сай болу керек. Еске салсақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау туралы Конституциялық заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізуді көздейтін құжатқа қол қойған болатын.