Ауылдағы медицинаны дамыту үшін ұлттық жоба әзірленді

0 7

Ауылдық жердегі денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамыту үшін арнайы ұлттық жоба әзірленді, деп хабарлады Жамбылинфо  Halyq Uni сайтына сілтеме жасап.

Бүгін Үкімет отырысында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы талқыланды. Жоба аясында ауылдарда медициналық қызметтің сапасын жақсарту үшін барлық инфрақұрылымды жаңғырту қажет.

Сонымен қатар басқа да жобалар аясында, мысалы, «Ауыл – ел бесігі» жобасы бойынша медициналық объектілер салу көзделіп отыр. Ауыл халқы үшін барлығы 700-ге жуық медициналық объекті ашылады.

Ол үшін жергілікті атқарушы органдар жер учаскелерін бөлуді жедел қамтамасыз етіп, инженерлік коммуникацияларды жүргізу мәселесін шешуі қажет, — деп атап өтті премьер-министр.

Жоба шеңберінде ауылдағы медициналық ұйымдарды денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесіне интеграциялау көзделіп отыр. Сондай-ақ жаңа технологиялар жаппай енгізіледі, бұл халыққа өздері тұратын өңірлерде сапалы медициналық қызметтер алуға мүмкіндік береді.

Әрине, ұлттық жобаның аса маңызды аспектілерінің бірі – кадр тапшылығы проблемасын шешу және ауылдық жердегі медицина қызметкерлерінің біліктілік деңгейін арттыру. Сондықтан өңір әкімдері ауылға келетін медициналық кадрлардың әлеуметтік мәселелерін шешуге назар аударуға тиіс. Жас мамандар ауылға келіп, біліктілігін арттыруға және жұмыс істеп, сонда тұрақтап қалуға мүдделі болуы керек, — деді Әлихан Смайылов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.