Автокөлік пен пойыз соқтығысты: 6 адам қаза тапты

0 17

1 қараша күні сағат 08.55 шамасында Түрксіб станциясындағы желілік полиция бөлімінен Меркі ауданының Қарасу ауылында теміржол өткелінде жолаушылар пойызы Audi автокөлігімен соқтығысқаны туралы хабарлама келіп түсті.

Көлік апатының салдарынан 6 адам қаза тапты.

Осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Оқиға орнында кезекшi жедел-тергеу тобы жұмыс iстеуде.

Гүлсара Мұхтарқұлова, Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі

Leave A Reply

Your email address will not be published.