Жеңілдетілген автонесиеге өтінім қабылдауды наурызда қосып үлгермеген. Бұл туралы «Өнеркәсіпті дамыту қоры» хабарлады.
«Наурызда болмайды. Өтінімдерді қайта қабылдау туралы алдын ала хабарлаймыз», – деді қордың баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, 6 ақпанда автонесиеге онлайн 761 өтініш қабылданып, 18 секундта лимит таусылған болатын.