Аягөзде жарық толық қалпына келтірілді
Бұл туралы Абай облысының әкімдігі хабарлады
Аягөз ауданындағы электр энергиясын қалпына келтіру жұмысы толық аяқталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
16 қазан күні сағат 15:00-де Аягөздегі жылумен жабдықтау желісінде болған апат салдарынан халық жарықсыз қалған еді. Жарықты қалпына келтіру жұмысына барлығы 40-қа жуық маман, сондай-ақ қажетті техника жұмылдырылған.