Аягөзде ұрланған 66 бас жылқы спутник жүйесі арқылы табылды

0 6

Шығыс қазақстанда қолды болған бір үйір жылқы GPS құрылғының көмегімен табылды. Аягөз ауданынның тұрғыны «жалпы құны 60 млн теңге болатын 66 бас жылқым ұрланды» деп құқық қорғау органдарына шағымданған.  Сымсыз күзет жүйесінің көмегі тиіп, ұрылар көп ұзамай қолға түсті. GPS тетігін моибильді қосымша арқылы тексеру арқасында жылқылардың Үржар ауданы аумағында жүргені анықталды.Осылайша 47 жастағы күдікті ұсталды. Ол енді 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Алматы облысында алаяқ ұсталды Алматы облысының тәртіп сақшылары алаяқтыққа қатысы бар деген күдіктінің ісін әшкереледі. Іле аудандық полиция басқармасына қымбат көліктерді арзан бағамен сатып алуға көмектесемІН деген алаяқққа алданып қалған тұрғын шағымданған. Айтуынша, әбден сеніміне кірген азамат ақшасын алып, ізім-ғайым жоқ болған. Тәртіп сақшыларының айтуынша, ол бұған дейін де алаяқтық фактісі бойынша бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған азамат  болып шықты. ШҚО-да 175 тонна шөп өртеніп кетті Тарбағатай ауданы Екпін ауылындағы шаруа қожалығында 175 тонна шөп өртеніп кетті. Мал азығы тең-тең болып жиналған қалпы жалын ортасында қалды. Оны сөндіруге жеке құрамның 8 маманы 3 өрт сөндіру көлігі және шаруашылық техникасы жұмылдырылды. Әзірге тілсіз жаудың шығу себебі анықталып жатыр. Шелекте  мал ұрлағандар ұсталды Алматы облысы Шелек ауылындағы тұрғынның 11 бас ұсақ малы жоғалған. 71 жастағы мал иесі бірден тәртіп сақшыларына шағым түсіреді. Полиция қызметкерлері көп ұзамай мал ұрлығына қатысы бар 18-24 жас аралығындағы 3 бірдей азаматты қолға түсірді. Олар малды ұрлағандарын мойындады. Осылайша 750 мың теңге шығын келтірген. Қазір күдіктіердің өзге де осындай қылмысқа қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.