Жаңалықтар

Қайрат Нұртас бостандыққа шықты

Бұл туралы әншінің анасы Гүлзира Айдарбекова желідегі парақшасына жазды

Бұзақылық үшін 15 күнге қамалған Қайрат Нұртас бостандыққа шықты, - деп хабарлайды  Jambylinfo. kz. 

Өнер иесінің анасы әншіні күтіп тұрған жақындарын, достарын көрсетті. 

Артынша ұлымен қауышып, Қайрат Нұртастың караокеде ән салып тұрған видеосын жариялады. 

«Менде бәрі жақсы. Бәріне рақмет», - деді Қайрат Нұртас.

Ал Гүлзира Айдарбекова қиын күндері қолдау көрсеткен жандарға алғыс айтты. 

Естеріңізге сала кетейік, 5 шілдеде Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынған болатын. Әнші Алматыдан Астанаға ұшқан ұшақ бортында жанжал шығарған. 

Қайрат Нұртасқа ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 2-бөлігі (жыл ішінде қайталап жасалған ұсақ бұзақылық) және ӘҚБтК-нің 73-баптың 1-1-бөлігі (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) бойынша айып тағылды.