Жаңалықтар

Айтулы мереке қарсаңында ару-аналарға құрмет көрсетті

Айтулы мереке қарсаңында ару-аналарға құрмет көрсетті

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы әділет полковнигі Нияз Рыспаев 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында саладағы нәзік жандыларды көктемнің шуаұты мерекесімен құттықтады. Нияз Қанатұлы бұл күні ару-аналарға сый-сыяпат көрсетіп, айрықша құрметке бөледі. Шоқ-шоқ гүлдер, тарту-таралғы. Барлығы да нәзікжандыларға арналды.

- Сіздерді ару көктемнің алғашқы мерекесі 8 наурыз халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Көктемнің гүліндей құлпырып, әсемдіктің, әдеміліктің, әдептіліктің иесі болып, бақытты да баянды өмір кешіңіздер. Дендеріңізге саулық, көңілдеріңізге шаттық, отбасыларыңызға құт-береке, ауызбіршілік пен тыныштық тілеймін, - деді Н.Рыспаев. Айта кетейік, бұл күні қызметін мінсіз атқарған бірқатар әйел қызметкерлер марапатқа ие болды.