Қайыңдыға жол түсіп, бөгет салынады
Қайыңдыға жол түсіп, бөгет салынады
«Көлсай көлдері» Ұлттық табиғи паркі өкілдері олқылықтарды келесі жылдан қалдырмай түзейміз деп уәде беріп отыр. Ең алдымен, туристердің ең көп баратын Қайыңды мен Көлсайдағы инфрақұрылымға мән берілмек. Жуырда жол апаты болып, 34 адам жарақат алған Қайыңды көліне апаратын 12 шақырымдық жол жөнделмек. Сондай-ақ, жыл сайын құрылысы шегеріліп келе жатқан бөгет мәселесі де шешімін таппақ.