Жаңалықтар

Айжұлдыз Адайбековаға сүйіктісі үйлену туралы ұсыныс жасады

Ғашықтар жақында отбасын құрмақшы

Белгілі әнші Жанар Айжанованың алғыз қызы, актриса Айжұлдыз Адайбекова жақында екінші рет тұрмысқа шықпақ. Айжұлдыз экстрим-блогер Сәкен Қағаров үйлену туралы ұсынысын қабылдады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Сәкен Қағаров романтикалық сәттің видесын әлеуметтік желідегі парақшасына жариялаған. Күйеу жігіт ұсынысты Исландиядағы сарқыраманың жанында жасаған.

Ол «иә» деп жауап берді, - деді жазбаның астында Сәкен Қағаров.

Жұпты желіде танымал әншілер, блогерлер, тележүргізушілер және  Айжұлдыз  Адайбекова мен Сәкен Қағаровтың оқырмандары құттықтап, оларға бақыт тілеген.