ҚазҰУ студенттері жаппай төбелесті
Полиция 20 шақты бұзақыны ұстаған
Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аумағында жаппай төбелес болды. Полиция департаменті өкілдері 20 шақты жас ұсталғанын хабарлады, деп жазады Jambylinfo.kz.
Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, бұзақылық жасағандардың барлығы қамауға алынған. Тиісті ақпарат Telegram-дағы Halyqstan арнасында пайда болды.
Бостандық аудандық полиция басқармасы 20 адамға қатысты қылмыстық іс қозғады. Қақтығысқа қатысушылардың барлығы ұсталып, полицияға жеткізілді. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда, - делінген хабарламада.
Алматы әкімдігі ҚазҰУ жатақханаларында, оның ішінде N6 және N8 жатақханаларда қираулар мен құрбандар туралы ақпарат шындыққа жанаспайды деп хабарлайды. Құрбандар мен қираулар жоқ.