Жаңалықтар

Қазақ халқы классик жазушы Дулат Исабековпен қоштасты

Қаралы жиынға қоғам қайраткерлері, мәдениет және өнер өкілдері, жазушының жақындары мен оқырмандары жиналды

Белгілі жазушы, драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дулат Исабековті ақтық сапарға шығарып салу рәсімі Қазақстан Жазушылар одағының ғимаратында өтті, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Қаралы жиынға қоғам қайраткерлері, мәдениет және өнер өкілдері, жазушының жақындары мен оқырмандары жиналды. Сонымен қатар рәсімге ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин, жазушы Төлен Әбдік, театр және кино өнерінің майталманы Асанәлі Әшімов қатысты.

Дулат Исабеков қазақ әдебиетіне өлшеусіз үлес қосқан тұлға еді. Оның шығармалары ұлт руханиятының ажырамас бөлігіне айналып, бірнеше буын оқырманның жүрегінен орын тапты. Көркем прозасы мен драматургиясы арқылы ол заманның өзекті мәселелерін қозғап, қоғамның шынайы бейнесін суреттеді.

Жазушымен қоштасу барысында әріптестері мен замандастары оның шығармашылық мұрасы мен адами қасиеттері жайлы естеліктерімен бөлісіп, қазақ әдебиетіндегі орны мәңгі сақталатынын атап өтті.

Дулат Исабековтің еңбектері мен өнегелі өмірі ұрпақ жадында сақталады.