Жаңалықтар

«Қазақмыста» қайғылы жағдай: 31 жастағы жұмысшы қаза тапты

The final spritzer

Тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Ұлытау облысындағы Шығыс-Жезқазған кенішінде 31 жастағы жұмысшы қаза тапты, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

19 наурызда №57 шахтада тауарлық-материалдық құндылықтарды түсіру кезінде жұмысшы жүк оқпаны алаңындағы саңылауға құлап кеткен. Алған жарақаттарының салдарынан жұмысшы оқиға орнында көз жұмды.

Оқиғаның мән-жайы мен себебі анықталуда, жазатайым оқиғаны тергеу бойынша арнайы комиссия құрылды.