Жаңалықтар

Қазақстан көкпаршылары V дүниежүзілік көшпенділер ойындарының чемпионы атанды

Финалда біздің көкпаршылар Қырғызстанды жеңді

Астанада өтіп жатқан V дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан Қазақстан құрамасы Қырғызстан командасын  5:4 есебімен жеңіп, алтын жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Алғашқы таймда 1:3 есебімен Қырғызстан құрамасы алға шықты. Екінші таймда есеп теңесіп, 4:4 есебімен аяқталды. Үзілстен кейін «алтын салым» салуға 10 минут уақыт беріліп, шешуші салымды қазақстандық көкпаршы салды.

Тартысқа толы бәсеке 5:4 есебімен аяқталып, қазақстандық көкпаршылар Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алтын жүлдесіне ие болды.