Жаңалықтар

Қазақстан Ұлттық банкі Берлинде жаңа монетаның таныстырылымын жасады

The final spritzer

Қазақстан Ұлттық банкі Берлинде өткен World Money Fair халықаралық ақша көрме-конференциясында ÚKI цифрлық инвестициялық монетасын таныстырды

Халықаралық сарапшылар бұл жобаның жаңашылдығын, қаржылық сауаттылыққа баса назар аударылуын, сондай-ақ Қазақстанның теңге сарайы шығарған ÚKI алтын инвестициялық монетасының сапасы мен бірегей дизайнын жоғары бағалады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Белгілі болғандай, монетаның инновациялық тұжырымдамасын Ұлттық банктің дизайнерлері әзірлеген.

World Money Fair – әлемдегі ең ірі нумизматикалық алаң, ол жыл сайын халықаралық монета қауымдастығын біріктіреді. Бұл шараға орталық банктердің, теңге сарайларының, монета жасау жабдықтарын өндіруші компаниялардың өкілдері, дизайнерлер мен ірі нумизматикалық басылымдардың сарапшылары қатысады. Қазақстан Ұлттық банкі бұл көрмеге 2000 жылдан бері жыл сайын қатысып келеді.

Бұған дейін Ұлттық банк қолма-қол шетел валютасын сатып алу мен сату бағамдары арасындағы айырмашылықтың (спрэдтің) шекті деңгейін белгілеу туралы түсініктеме беріп, оның қажеттілігін түсіндірген болатын.