Қазақстан мұнай өндірісін ұлғайтуда: «Теңізшевройл» кеңею жобасын іске қосады

Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді
2024 жылы Қазақстанда 87,7 млн тонна мұнай өндірілді. Бұл көрсеткіш жоспарланған межеден сәл төмен болды. Бұған «Теңіз» және «Қашаған» кен орындарындағы жөндеу жұмыстары мен халықаралық келісімдерге байланысты уақытша шектеулер әсер етті.
Алдағы 2025 жылы өндіріс көлемі 96,2 млн тоннаға дейін артады деп күтілуде. Өсім, ең алдымен, «Теңіз» кен орнындағы кеңейту жобасының іске қосылуына байланысты болмақ. Бұл жоба жылдың алғашқы жартысында жұмысын бастайды. Сонымен қатар, «Қарашығанақ» және Каспий қайраңындағы («Қаламқас-Теңіз» және «Хазар») жобаларда да жұмыстар жалғасады.
2024 жылы Қазақстан 68,6 млн тонна мұнай экспорттады. 2025 жылы бұл көрсеткіш 70,5 млн тоннаға дейін өседі деп жоспарлануда. Қазақстандық мұнайдың негізгі сатып алушылары – оны КҚК, «Атырау-Самара» және «Атасу-Алашанькоу» құбырлары, сондай-ақ Ақтау порты арқылы импорттайтын елдер.