Жаңалықтар

Қазақстан мұнайы тасымалданатын Ресейдегі станцияға дронмен шабуыл жасалды

The final spritzer

Ресми мәліметке сәйкес, 2025 жылдың 17 ақпанында мұнай тасымалдау объектісіне жеті ұшқышсыз ұшу аппараты лаңкестік шабуыл жасаған

Энергетика министрлігі Ресей аумағында орналасқан Каспий құбыр консорциумының (КҚК) "Кропоткинская" мұнай айдау станциясына дрондар арқылы шабуыл жасалғанын растады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Ресми мәліметке сәйкес, 2025 жылдың 17 ақпанында мұнай тасымалдау объектісіне жеті ұшқышсыз ұшу аппараты лаңкестік шабуыл жасаған. Дрондар жарылғыш заттармен және металл сынықтарымен жабдықталған. Шабуыл тек нысанның жұмысын бұзуға ғана емес, сонымен қатар станцияның жедел қызметкерлеріне қарсы бағытталған.

Қызметкерлер арасында зардап шеккендер жоқ. Мұнайдың төгілу қаупі дер кезінде алдын алынды. Залалды бағалау және станцияның жұмысын қалпына келтіру шараларын ұйымдастыру үшін КҚК бас директоры Николай Горбан бастаған топ оқиға орнына барды.

Қазіргі уақытта "Кропоткинская" станциясы жұмыс істемейді. Теңіз-Новороссийск құбыр жүйесі арқылы мұнай тасымалдау айналма бағыттармен, төмендетілген режимде жүзеге асырылуда.

"Кропоткинская" – Ресейдегі ең ірі КҚК мұнай айдау станцияларының бірі. Халықаралық консорциумның барлық акционерлеріне, соның ішінде АҚШ пен Еуропадан келген компаниялардың өкілдеріне, шабуылдың салдары туралы хабарланды.