Жаңалықтар

Қазақстан мен Иран арасындағы астық экспортын ұлғайту жөніндегі ынтымақтастық

Қазақстан мен Иран арасындағы сауда-экономикалық байланыс нығайып, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың нәтижелері айтарлықтай жақсарды

Қазақстан мен Иран арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың нәтижесінде қазақстандық астық экспортын 30 есе арттырып, Иран жыл сайын импорт көлемін 3 миллион тоннаға дейін ұлғайтуға мүдделі, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

2024 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық астықтың Иранға экспорты 30 есе артты, жыл соңына қарай 500 мың тоннаға жетті. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, Иранға астық жеткізу қайта жанданғанын атап өтіп, Иран бизнесіне қолдау көрсетуге және Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау мүмкіндіктерін кеңейтуге дайын екенін мәлімдеді.

Ирандық инвесторлар да қазақстандық астыққа деген сұранысын арттыруды жоспарлап отыр. «Fawakeh Trading Company» компаниясының бас директоры Хассан Хейдаринассаб жыл сайын астық импортын 3 миллион тоннаға дейін ұлғайтуға ниетті екенін айтты. Азық-түлік корпорациясы, бидай, арпа, зығыр, рапс, жасымық, бұршақ сынды өнімдерді Иранға жеткізуге толық мүмкіндік бар екенін мәлімдеді. Сонымен қатар, корпорация ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасуға да дайын екенін білдірді.

Иран Қазақстанның астық экспорты үшін дәстүрлі нарық болып табылады, сонымен қатар агроөнеркәсіптік өнімдердің негізгі түрлері, оның ішінде арпа, күнжара, ет және жүгері де Иранға экспортталады.

 

Бақытжан Бекболат