Жаңалықтар

Қазақстан мен Түрікменстан: стратегиялық әріптестік тереңдей түсуде

The final spritzer

Астанада Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен Түрікменстан Министрлер Кабинеті Төрағасының орынбасары – Сыртқы істер министрі Рашид Мередов арасында келіссөздер өтті

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Кездесу барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық, транзит-көлік, энергетика және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың даму перспективаларын талқылады.

Екі ел өзара сенім мен достыққа негізделген стратегиялық серіктестікті нығайтуға ниетті екенін тағы бір мәрте растады. Сондай-ақ, 2024 жылғы қазанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ашхабадқа сапары барысында жасалған келісімдердің орындалу барысы жан-жақты қаралды.

Сонымен қатар, парламентаралық және үкіметаралық байланыстарды одан әрі дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.