Жаңалықтар

Қазақстан – Уэльс: Әлем чемпионаты іріктеуіндегі маңызды кездесу

The final spritzer

Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді

22 наурыздан 23 наурызға қараған түні Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Уэльспен кездеседі, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Ойын Кардифф қаласында өтеді және Қазақстан уақыты бойынша 00:45-те басталады. Кездесуді «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Әли Әлиевтің жетекшілігіндегі Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңіне дайындық барысында үш жолдастық матч өткізді. Алдымен «Локомотив» (Өзбекстан) клубымен 1:1 есебімен тең түсті, кейін Солтүстік Корея құрамасына 0:2 есебімен есе жіберді, ал соңғы ойында Кюрасао командасын 2:0 есебімен жеңген болатын.