Үш ауысымды мектептер мәселесі шешілуде: елде 141 жаңа форматтағы мектеп ашылды
Бұл туралы Үкіметтің қорытынды баспасөз-конференциясында ҚР оқу-ағарту бірінші вице-министрі М.Мелдебекова мәлімдеді
Қазақстанда жайлы оқу ортасын құру үшін білім беру инфрақұрылымын кең ауқымда жаңарту жалғасуда. Оның айтуынша, Мемлекет басшысының бастамасымен апатты және оқушы саны көп мектептер мәселесін шешуге бағытталған «Келешек мектебі» жобасы жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Jambylinfo.kz