Жаңалықтар

Қазақстанда АИ-92 бензиніне лимит енгізілмек

Шетелдіктер үшін отынның бұл түрі айтарлықтай қымбаттайды, ал дизель, керісінше, арзандайды, деп хабарлайды kоlecа kz.

Отандық жанармай бекеттеріндегі сатылатын бензин мен дизельдің шекті бағасы туралы бұйрыққа түзетулерді Энергетика министрлігі дайындады. Құжатқа сәйкес, төмендегі бағамен сатпақшы:

Аи-80 литрі — 89 теңге;
Аи-92 және Аи-93 литрі — 245 теңге, ал Қазақстанда берілген жүргізуші куәлігін көрсеткенде, тәулігіне 100 литрге дейін литрін 205 теңгеге алуға болады.

Арнайы көлік, жүк көлігі және автобус жүргізушілері Қазақстанның жүргізуші куәлігін және техпаспортын көрсеткен жағдайда тәулігіне 300 литрге дейін құюға рұқсат беріп, бензиннің бір литрін 205 теңгеден сатпақшы.

Осындай шектеулер дизельді көліктерге де қатысты. Шетелдіктерге жазғы және маусымаралық дизельді 315 теңгеден, ал жергілікті халыққа 295 теңгеден, бірақ жеңіл көлік үшін күніне 100 литр лимит, арнайы көлік, жүк көлігі мен автобус үшін күніне 300 литр сату ұсынылады.

Ел азаматтары үшін АИ-92 маркалы бензин мен дизель отынының бағасы бір жыл бұрын үкімет бекіткендей өзгеріссіз қалады, бірақ шетелден келетін тасымалдаушылар үшін бензин қымбаттайды. Дизель керісінше арзандайды: 450 теңгеден 315 теңгеге.

Кейбір мәліметке сәйкес, Ресейдің кейбір мұнай өңдеу зауыттарына дрондар шабуыл жасап, Ресейде бензин мен дизель тапшы болу қаупі төнген соң, Қазақстан билігі солтүстік көршілерімізге жанармай тасымалдаудан құтылғысы келеді. Осының аясында Ресей Орталық Азияға жанар-жағармай материалдарын жеткізуден де бас тартты.