Жаңалықтар

Қазақстанда қанша адам тұрады?

Қазақстандықтардың саны 210 139 адамға артқан.

Қазақстанның Ұлттық статистика бюросы 1 қарашадағы деректер бойынша елдегі халық санына қатысты мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Әйелдер саны - 10 353 239. 
Ер адамдар саны - 9 890 742. 

Оның ішінде қала тұрғындары - 12 727 404 адам, ауыл тұрғындары - 7 516 577 адам. 

Халық ең тығыз қоныстанған өңірлер үштігіне Алматы (2 280 296 адам), Астана – (1 511 807 адам) және Шымкент (1 249 581 адам) қалалары кіреді.

Миллионнан астам халқы бар өңірлер қатарында Түркістан облысы (2 154 461 адам), Алматы облысы (1 554 695 адам) Жамбыл облысы (1 222 835 адам) және Қарағанды облысы (1 134 132 адам) бар.

1 қарашадағы мәлімет бойынша, ел тұрғындарының 12 727 404-і қалаларда, ал 7 516 577-і ауылдық жерлерде тұрады.

Қазан айындағы деректер бойынша, Қазақстан халқының саны 20 223 218 адамға жеткенін жазған болатынбыз.Осылайша, 9 айдағы өсім 190 мың адамды құрады.