Жаңалықтар

Қазақстанда қара металды шетелге заңсыз шығарғандар анықталды

The final spritzer

Қазақстанда қара металды шетелге контрабандалық жолмен экспорттау бойынша қылмыстық схемалар анықталып, олардың жолы кесілді.

Бұл заңсыз әрекеттер шикізат пен дайын өнім ретінде рәсімделіп, жақын және алыс шетелдерге жөнелтілген, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсына сілтеме жасап. 

Заңсыз металл экспортының анықталған фактілері

Солтүстік Қазақстан облысында ЖШС-тердің бірінің басшысы ұйымдастырған қылмыстық схема әшкереленді. Ол метал сынықтарын «жоғары легирленген болат» ретінде рәсімдеп, теміржол арқылы экспорттаған. Тыйым салынған кезең ішінде компания 170 млн теңгеден астам сомаға 1,5 мың тонна метал сынықтарын шетелге заңсыз шығарған. Тергеу барысында металл қабылдау базасынан 1 мың тонна метал сынықтары мен шетелге жөнелтуге дайын тұрған жеті вагон анықталды.

Маңғыстау облысында да осындай схема әшкереленді. Мұнда бір компания қара металды Каспий маңы елдеріне теңіз арқылы заңсыз экспорттаған. Тек өткен жылдың өзінде 400 тоннадан астам металл заңсыз шығарылған. Тінту жұмыстары барысында 420 тонна метал сынығы, соның ішінде жөнелтуге дайын екі контейнер тәркіленді.

Контрабанданың алдын алу шаралары

Қазіргі уақытта ІІМ, ҰҚК, ҚМА және Бас прокуратура бірлесіп, қара және түсті металдардың заңсыз экспортын болдырмау мақсатында кешенді шаралар жүргізуде. Сондай-ақ превентивті сипаттағы тиісті шаралар қабылдануда.