Жаңалықтар

Қазақстанда қазан айында не қымбаттады

Қазақстанда қазан айында не қымбаттады

Елімізде қазан айында қыркүйекпен салыстырғанда азық-түлік тауарларының бағасы – 0,7 пайыз, азық-түлік емес тауарларының бағасы – 1 пайыз, ақылы қызметтер құны 0,5 пайыз қымбаттады Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бағаның өсуі жұмыртқада – 7,2 пайыз, жаңа жиналған көкөністерде – 5,5 пайыз, құмшекер мен құс етінде – 1,4 пайыз, картопта – 1,2 пайыз, нанда – 0,7 пайыз, пастерленген сүтте – 0,6 пайыз, айран, шошқа еті, қарақұмық жармасында – 0,5 пайыз, шұжық, макарон өнімдері мен ұнда 0,4 пайыз байқалған. Ал жаңа жиналған жемістер бағасы керісінше, 1,5 пайызға арзандаған. Бағаның қымбаттауы, сонымен қатар автомобильдерде – 3,4 пайыз, тұрмыстық тауарларда – 1,1 пайыз, киім және аяқ киімде, фармацевтикалық өнімдерде 0,4 пайыз байқалған. Ал жазғы дизель отыны – 16,6 пайыз, баллондағы сұйытылған газ – 6,4 пайыз, ағаш – 2,6 пайыз, тас көмір – 2 пайыз, бензин 0,9 пайыз қымбаттаған.