Жаңалықтар

Қазақстанда ҰБТ-дан ең жоғары көрсеткішті 137 балл алған түлек орнатты

Елімізде тестілеу басталғаннан бері 71 мыңға жуық адам білімін сынады

Биыл ұлттық бірыңғай тестілеуде түлектердің 71% – ы қазақ тілінде, 29% - ы орыс тілінде, 84 адам ағылшын тілінде тест тапсырды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Деректерге сүйенсек, ҰБТ басталғалы шекті балды 74% - ға жуық талапкер жинады. Ал, орташа балл 67-і құрады. Қазақстанда тестілеудің ең жоғарғы көрсеткішін 137 балл алған түлектер орнатты. Білімі озық оқушылардың 3-і де осы аптада тест тапсырған. 

Естеріңізге сала кетсек, күн сайын ҰБТ екі лекте өткізіледі.  Статистикаға сәйкес, таңғы лекте ҰБТ тапсырушылардың орташа балы түстен кейінгі лекте тапсыратын талапкерлерден жоғары. Қазіргі уақытта айырмашылық 5 балды құрайды: сәйкесінше 69 және 64 балл. 

Айта кетейік, ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында ҰБТ-ға екі аптаның ішінде 266 талапкер қатысты. Ережені екі аттағандар да баршылық. Бүгінге дейін бұзушылық бойынша 126 дерек анықталды.