Қазақстанда экспресс-жүктерді кедендік декларациялау жеңілдетілді
Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті еліміздің барлық кеден бекеттерінде 4 мамырдан 30 маусымға дейін пилоттық жоба - "Кеден" ақпараттық жүйесі іске қосылғанын хабарлады, деп жазады Jambylinfo.kz
Айта кетейік, бұл құжат айналымын қысқарта отырып, жедел жүктер үшін кедендік декларацияны ұсыну процесін толығымен автоматтандырады.
«Кеден» ақпараттық жүйесінде жұмыс істеу үшін электрондық цифрлық қолтаңба қажет.