Қазақстанда электр самокаттарының жылдамдығы 25 км/сағ дейін шектеледі
Қазақстанда электр самокаттарының жылдамдығы 25 км/сағ дейін шектеледі
Қазақстанда электр самокаттарының жылдамдығы 25 км/сағ дейін шектеледі Елде электрлі самокаттардың ұлттық стандарты әзірленуде. Классификация бойынша оларды велосипедтерге жатқызу жоспарлануда. Олай болған жағдайда олар жол бойымен де, тротуармен де жүре алады. Жылдамдықты шектеуді енгізу себептерінің бірі – самокаттардың қатысуымен болған апаттар. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, өткен жылы Қазақстанда электрлі самокаттардың қатысуымен 68 жол-көлік оқиғасы орын алып, бір адам қаза тапқан. Биылдың өзінде – 41 апат тіркелген.