Жаңалықтар

Қазақстанда кадр тапшы: Мәулен Әшімбаев мәселе көтерді

The final spritzer

Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, қазақстанда білікті мамандар тапшы және  бұл жағдай алдағы уақытта күшейе түседі.

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Алматыда өткен «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заңды іске асыру мәселелеріне арналған дөңгелек үстелге қатысты, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Жұмыс күшін дамыту орталығының болжамы бойынша, 2030 жылға қарай Қазақстан экономикасына әртүрлі салаларда қосымша 1,6 миллион адам қажет болады. Қазірдің өзінде Қазақстанда техникалық және кәсіптік білімі бар 900 мыңға жуық маман жетіспейді.