Жаңалықтар

Қазақстанда картоп бағасы қымбаттап кетті

Үкімет картоп экспортын алты айға шектеді

Бағаның көтерілуіне Өзбекстаннан сұраныстың артуы және экспорттық бағалардың өсуі себеп болып отыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстанда картоп бағасының өсуіне байланысты Үкімет экспортты алты айға шектеді.

Биыл картоп экспорты 1,5 есеге, яғни 411 мың тоннадан 605 мың тоннаға дейін өскен.

Соңғы аптада өндірушілер ұсынған картоп бағасы 170-тен 270 теңгеге дейін өсті. Шектеу ЕАЭО елдеріне әсер етпейді, бірақ экспорт қатаң бақыланады. Ішкі нарықтағы қор қажеттілікті қамтамасыз етуге жеткілікті. Ал ең қымбат картоп Астанада. Бағасы 455 теңгеге дейін жетті.

Сонымен қатар қалыптасқан жағдайды ескере отырып, биылғы 16 қаңтарда экспортқа фитосанитариялық сертификаттар беру толығымен тоқтатылды.

Қабылданған шаралар картоп бағасының тұрақтылығын қамтамасыз етуге, бағаның негізсіз өсуіне жол бермеуге және нарыққа қатысушылар тарапынан алыпсатарлық әрекеттерге жол бермеуге бағытталған. 

Ал АШМ деректері бойынша, бүгінгі таңда қолда бар қорлар 2025 жылғы ерте егін жинау науқанына дейін ішкі қажеттілікті толық жабу үшін жеткілікті.