Жаңалықтар

Қазақстанда конституциялық деңгейде цифрлық құқықтар бекітілген, бұл мемлекеттің стратегиялық басымдықтарын көрсетеді – Олжас Бектенов Digital Qazaqstan 2026 форумында

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Шымкент қаласында «Индустрия 5.0: Өзара әрекеттесудің күші» тақырыбында өткен Digital Qazaqstan 2026 халықаралық цифрлық форумында сөз сөйледі, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Форумға ЕАЭО елдерінің үкіметтері басшылары, IT-индустрия өкілдері, халықаралық компаниялардың өкілдері, инвесторлар мен сарапшыларды қоса алғанда, 3 мыңнан астам делегат қатысуда.

Форумның пленарлық отырысын ашқан Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов жасанды интеллектіні дамытудың негізгі бағыттарын айқындады. Атап айтқанда, институционалдық негіз қалыптастыру, цифрлық инфрақұрылым және адами капитал сынды мәселелерге басымдық берілді.