Жаңалықтар

Қазақстанда некені бұзу рәсіміне салынатын баж салығының мөлшері артуы мүмкін

The final spritzer

Мәжіліс депутаттары жаңа Салық кодексіне осындай өзгеріс енгізуді ұсынып отыр.

Мәжіліс депутаттары Салық кодексіне өзгерістер енгізуді ұсынды. Соның бірі – некені бұзу қызметіне салынатын мемлекеттік баж салығын арттыру, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz  egemen.kz сілтеме жасап.

Жаңа Салық кодексінің жобасында некені бұзу кезінде төленетін мемлекеттік баж салығын қазіргі 0,5 АЕК-тен (2025 жылы – 1 966 теңге) 5 АЕК-ке (19 660 теңге) дейін көбейту ұсынылған.

Мәжіліс депутаты Берік Бейсенғалиевтің айтуынша, бұл өзгеріс азаматтарды ажырасу туралы шешімді эмоцияға берілмей, салмақты түрде қабылдауға итермелейді.

Депутаттың сөзінше, бастама мемлекеттік бюджетті толтыруды емес, отбасылық құндылықтарға деген жауапкершілікті арттыруды көздейді.